Бағалы бұйымдары үшін сынға қалған Айнұр Серғазиева қызметінен босатылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Серғазиева бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған/фото: «Зерде»

Айнұр Серғазиева Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Серғазиева Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Серғазиева бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалды.

Енді бұл қызметті Ұлан Бекіш атқарады.

Айнұр Серғазиева кім?

Айнұр Серғазиева 1991 жылы туған. 2018-2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ жобалар бас менеджері, бағдарламалар менеджері, мемлекеттік бағдарлама бағытының басшысы, жауапты хатшысы, басқарушы директоры болған.

Жаңа қызметке тағайындалғанда әлеуметтік желіде Серғазиеваның бағалы бұйымдары талқыға түсті.

«Пәтерім ипотекада. Ата-анам Оралда тұрады, зейнетте. Сөмкені аутлеттен аламын, Tiffany әшекейлері күмістен жасалған. Шенеунік болған емеспін, күйеуім де, балам да жоқ. Жалақымды өзіме жұмсаймын», – деп жауап берді Серғазиева.

Осылайша бақуатты туыстары барын жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз