Азық-түлік бағасы Қазақстанда күрт қымбаттауы мүмкін – БҰҰ

2026 жылға арналған болжам бойынша Қазақстанда азық-түлік бағасы күрт қымбаттауы мүмкін елдердің санатына қосылды.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы осындай болжам жасап отыр.
Оған сүйенсек, азық-түлік бағасының өсу қарқыны аса жоғары елдердің тізіміне Қазақстанда енген. Тіпті, рейтингте тоғызыншы орынға жайғасып, ТОП-10 қатарына кірген.
Әлем бойынша инфляцияның орташа болжамы 3,7% деңгейінде болса, Қазақстанда жыл соңына қарай азық-түлік бағасының өсімі 12,2% болады деп күтілуде. Бұл – өңірдегі ең жоғары көрсеткіш.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Қырғызстанда баға өсімі 9,4%, ал Өзбекстан мен Тәжікстанда тиісінше 5,7% және 4,6% деңгейінде болжанып отыр.
Жағымсыз динамикаға валюта бағамдарының өзгеруі, халықаралық саудадағы іркілістер және ішкі нарықтағы ұсынысқа қатысты факторлар әсер етуі ықтимал.
Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметі де мұны қуаттайды. Биылғы ақпан айында жылдық инфляция 11,7% болған. Халықтың қалтасына ең қатты бататыны – азық-түлік. Оның бағасы бір жылда 12,7%-ға артып отыр.