Жаңалықтар

BYD бағасы түскен Song Ultra EV электромобилін шығарды

BYD Song Ultra EV / Фото: BYD, бильд-редактор: Дастан Шанай
BYD Song Ultra EV / Фото: BYD, бильд-редактор: Дастан Шанай

BYD 5 наурыздағы алдын ала сатылым алдында BYD Song Ultra EV электромобилін таныстырды.

Сarnewschina ақпаратына қарағанда, бұл нұсқа 2026 жылдың 3 наурызында алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Бұған дейін модельдің ресми рендерлері мен камуфляждалған сынақ үлгілері жарияланған болатын.

Несімен ерекше

Сериялық нұсқада төбеге орнатылған лидар датчигі бар. Бұл – Song үшін алғашқы осындай шешім. Жабдық «God’s Eye» B (DiPilot 300) интеллектуалды басқару пакетін қолдайды. Жүйе 300 TOPS өнімділігі бар есептеу платформасына негізделген. Қала ішінде әрі автомагистральда автопилот режимінде жүруге арналған.

Қосымша жабдыққа алдыңғы қанаттар мен бүйір айнасына орнатылған жоғары айқындықтағы камералар кіреді. Бұл 360 градус шолу мүмкіндігін береді.

Ішкі кеңістік

Салонда 15,6 дюймдік бейімделетін айналмалы орталық экран және 10,25 дюймдік сандық аспаптар панелі орнатылған. 2840 мм доңғалақ базасының арқасында Song Ultra EV «кең шанақ» режимі қосылады. Алдыңғы орындықтар толықтай жатса, артқы орындық жастықтарымен бір деңгейге келеді.

Орталық консольде қуаты 50 Вт болатын екі сымсыз зарядтау құрылғысы, кристалл текстуралы қозғалыс режимін ауыстырғыш және мультимедиа функцияларын басқаруға арналған батырмалар бар.

Қуат қондырғысы мен батарея

Song Ultra EV e-Platform 3.0 Evo платформасына негізделген. Артқы бөлігінде орналасқан жалғыз электрқозғалтқыш (TZ200XYAV) 270 кВт (362 а.к.) қуат береді. Көліктің ең жоғары жылдамдығы – 210 км/сағ.

Компания FinDreams жеткізетін Blade литий-темір-фосфат (LFP) батареялары екі конфигурацияда ұсынылады.

Бағасы

Алдын ала тапсырыс бағасы 5 наурызда жарияланады. Алдын ала болжам бойынша, бастапқы баға шамамен 26 130 АҚШ доллары болуы мүмкін. Бұл Song L EV Smart Driving Edition моделінен 1 420 долларға арзан.

Нарықтағы орны

BYD B сегментіндегі үлесін сақтау үшін ай сайын 20 000 Song Ultra EV жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл үлгі жүргізушіге кеңейтілген көмек жүйелері (ADAS) бар электрлі кроссоверлерге сұранысты қанағаттандыра алады.

Қазіргі уақытта өндіріс Чжэнчжоу мен Чанша қалаларындағы зауыттарда іске қосылған.

Айтв кететін жайт, BYD Denza B8 ең қауіпсіз көлік санатына еніп отыр.