
3 наурыздан бастап Араб елдеріндегі қазақ туристері елге орала бастайды. Flydubai және Air Astana алғашқы рейстерді бастамақ деп хабарлайды Көлік министрлігінен.
Әуелі Flydubai әуе компаниясы Дубай – Алматы және Дубай – Астана рейстерін орындауды жоспарлап отыр. Барлығы 340 турист келуі керек.
Ал Air Astana Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындамақ. Бірақ алдымен Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті ұшу рұқсаттары алынуы керек.
» Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер бойынша жүзеге асырылады», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Бұдан бөлек Ирандағы қазақ азаматтарын елге қайтару да жоспарланған. СІМ оларды Армения, Әзербайжан, Түрікменстан арқылы эвакуацияламақ.