Жаңалықтар

Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады

Иранның жоғары басшылығы жиналатын орын да нысанаға алынған / фото: REUTERS
Иранның жоғары басшылығы жиналатын орын да нысанаға алынған / фото: REUTERS

Израильдің әскери-әуе күштері түнде Тегеранда үкіметтік ғимараттар кешеніне бірнеше соққы жасаған.

Бұл туралы Израиль қорғанын армиясы (ЦАХАЛ) баспасөз қызметі хабарлады. Аталған кешен қала орталығындағы біраз көшені алып жатыр.

ЦАХАЛ мәліметінше, шабуыл барысында оқ-дәрілер президент резиденциясы орналасқан ғимаратқа және Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ғимаратына тасталған. Сондай-ақ қауіпсіздік саласында шешім қабылдауға жауапты Иранның жоғары басшылығы жиналатын орын да нысанаға алынған.

Иран президенті Масуд Пезешкиан жоғарғы көшбасшы Али Хаменеидің Израиль соққылары салдарынан қаза тапқанынан кейін елді сот билігінің басшысы Голям Хоссейн Мохсени-Эджеимен және Конституцияны қорғау кеңесінің бір мүшесімен бірге басқаруда.

28 ақпанда басталған операция аясында Израиль Иран басшылығының көптеген жоғары лауазымды өкілдерін жойғанын мәлімдеді. 1 наурыз күні ЦАХАЛ баспасөз қызметі 40 ирандық командирдің өлтірілгенін хабарлаған.

Пезешкиан Хаменеи қаза тапқаннан кейін Израиль мен АҚШ бүкіл әлем мұсылмандарына соғыс жариялады деп мәлімдеді. Ол Иран қарсыластарының базаларын талқандауды жалғастыруға уәде берген.

Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға, сондай-ақ Израильге соққы жасауда.

Айта кететін жайт, Ирандағы қыздар мектебіндегі жарылыстан қаза тапқандар саны 171-ге жетіп отыр.