
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол» басшысы Дархан Иманашевтан журналистердің бірі ұлттық компаниядағы орташа айлық қанша екенін сұрады.
Иманашев орташа айлық 495 мың теңге екенін айтты. Сонымен қатар ол өзінің айлығын да жасырған жоқ.
«Орта есеппен алғанда біздің қызметкерлердің жалақысы – 495 мың теңге. Өз басым 1 млн 200 мың теңге аламын», – деді Иманашев.
Бұған дейін Дархан Иманашев Қазақстанда биыл ақылы жолдар учаскесінің саны алтыға артатынын мәлім еткен еді.