Раушанға сұраныс жоғары: Қазақстан қай елдерден гүл импорттайды

Жарияланды 3 Наурыз 2026 12:56

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор/фото: shutterstock

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның гүлдерді қай елдерден импорттайтыны туралы мәлімет жариялады.

Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген.

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер мына елдерден әкелінеді:

  • Қытай – 2 678 тонна
  • Нидерланд – 1 702 тонна
  • Колумбия – 778 тонна
  • Кения – 739 тонна.

2025 жылы Қазақстан 77,6 млн доллар көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.

Жалпы былтыр гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған. Оның көлемі – 6 219 тонна.

Бұған дейін гүл сатумен айналысатын кәсіпкерлер жазда, оның ішінде шілде-тамызда гүлдің бағасы арзандайтынын айтты. Қыркүйек кезінде нарықта баға қайта көтеріледі.

Нарықта 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ecoculture компаниясы өкілімен сұхбатты мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз