Жаңалықтар

Ресейде Сабуровтың досы Алексей Щербаковтың да жолы жабылды

Щербаков намекнул что прилетел в Алматы к Сабурову после его депортации
Фото: instagram.com/shcherbakov_alexei, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әзілкеш Алексей Щербаков Ресейде концертсіз қалды. 25/26 турынан елдегі барлық қала алынып тасталған.

Мәскеудегі үлкен жеке концерті де өтпейтін болды. Ал билет сатып алғандарға қаражат кері қайтарылып жатыр.

Бірде-бір концерт жоқ

Mash мәліметінше, Щербаков 2 сәуір күні «Концертный зал Москва» концерт залында өнер көрсетуді жоспарлаған. Ұйымдастырушылар билеттердің басым бөлігін сатып үлгергенімен, концерт туралы анонс алаңның сайтынан кенеттен алынып тасталды. Комиктің ресми сайтында да өңірлер бойынша жоспарланған бірде-бір концерт жоқ.

2024 жылы «Что было дальше» шоуының резиденті 33 қаланы аралап, Ресей, Беларусь және Қазақстандағы ірі алаңдарда өнер көрсеткен. Ал өткен жылы концерттер саны екі есе азайып, үзілістер әлемдік тур арқылы толтырылған.

Қазақстанға көшіп келе ме

Алексей Щербаковтың басына Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғанға дейін-ақ бұлт үйіріле басталған. Кейін Щербаков өзі ойнаған фильмнің премьерасына Қазақстанға келген. Ол мұнда досына келгенін айтқан еді.

Айтуынша, қазір әзілкеш қиын жағдайға тап болған.

Бұған дейін «Что было дальше» шоуы Сабуровқа қатысты қиындықтарға, тауар белгісін тіркеуден бас тартуға және иноагент мәртебесіне байланысты Ресейге кіре алмайтын қонақтар үшін қолайлы жер іздеп, Қазақстанға көшуі мүмкін екені жазылған еді.

Мұның алдында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың әрекетін тексеретіні белгілі болды.