Ресейден Қазақстанға дрон алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстан мен Ресей шекарасында Орынбор кеден қызметкерлері экспортқа тыйым салынған ұшқышсыз аппаратты заңсыз алып өтпек болған азаматтың ісін әшкереледі.
Өткен жылдың қыркүйегінде «Сагарчин» өткізу бекетінде Ресейден Қазақстан Республикасына бағыт алған автокөлік тоқтатылған. Жүкті тексеру кезінде кеден қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын және оған тиесілі бөлшектерді анықтады. Қазіргі уақытта мұндай тауарларға ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты арнайы экономикалық шаралар қолданылады, сондықтан оларды ел аумағынан еркін алып шығуға тыйым салынған.
Орынбор қаласының Дзержинский аудандық соты Қазақстан азаматына қатысты әкімшілік істі қарап, елден шығаруға тыйым салынған техниканы тәркілеу туралы шешім шығарды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Алматыда ұсталған Ресей азаматшасы Юлия Емельянованы экстрадициялау процесін оның босқын мәртебесін беру туралы өтініші қаралғанға дейін тоқтатқан болатын.