Рудныйдағы үйдің ауласында екі жасар бала «Газель» астында қайтыс болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Рудныйдағы үйдің ауласында екі жасар бала «Газель» астында қайтыс болды / Фото: Shutterstock

«ГАЗель» көлігі Рудныйдағы үйдің ауласында екі жасар қызды қағып кетіп, қыз бала оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлайды өңірлік «Наша газета«.

Қайғылы оқиға 3 наурызда сағат 12.30 шамасында Октябрьдің 50 жылдығы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, «Газельдің» жүргізушісі артқа қарай жылжып, екі жасар қыз көліктің астында қалған. Жақын жерде тұрған бес жасар бала қашып үлгеріп, зардап шекпеген.

Көз алдында қайғылы оқиға болған қыз баланың анасы есінен танып ауруханаға жатқызылған.

Полиция өлім туралы ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп хабарлады Қостанай облысы ПД.

Полиция жүргізушілерді аулалар мен тұрғын үйлер арасында, әсіресе кері жүру кезінде өте мұқият болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз