Сәкен Майғазиев Таяу Шығыстағы отандастарымызға алаңдаушылық білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ол қазақстандықтардың қақтығыс аймағынан аман-есен елге оралуына тілектестік білдірді / фото: Instagram
Ол қазақстандықтардың қақтығыс аймағынан аман-есен елге оралуына тілектестік білдірді / фото: Instagram

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев Таяу Шығыста қалып кеткен отандастарымызға алаңдаушылық білдірді.

Ол қазақстандықтардың қақтығыс аймағынан аман-есен елге оралуына тілектестік білдірді.

«Ассалаумағалайкүм, сырта, түзде, шетелде жүрген отандастар! Баршаңыздың отанға аман-есен оралуларыңызға шын жүректен тілектеспін. Әлемдегі жағдайды көзімізбен көріп жатырмыз»,  – деді әнші.

Сонымен қатар, Сәкен Майғазиев жаратушыдан елімізді сұрапыл соғыстан, діни қақтығыстардан, табиғи апаттардан сақтауды тіледі.

«Ақ жүрегіммен тілеймін. Ән айтып, сахнада жүрсек те, халықты әнімізбен әлдилеп жүрсек те, сырттағы азаматтарымызды, достарымызды, әріптестерімізді уайымдап жатырмыз. Аман болыңыздар, жақсылық болсын. Елге аман есен оралыңыздар», – деді әнші.

Айта кететін жайт, «Туристік Қамқор» қорының директоры Асылхан Есілов Біріккен Араб Әмірліктерінде 2,5 мың, Сауд Арабиясында 200-ден аса, Қатарда 1 мыңнан астам қазақстандық турист бар екенін айтқан еді.  СІМ Иранда жүрген Қазақстан азаматтарын дереу елден кетуге шақырып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз