Тоқаев қазақ туристерін шығаруға көмектескені үшін Оман сұлтанына алғыс айтты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефонмен сөйлесті. Ол араб көшбасшысымен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, Оман халқына тілектес екенін жеткізді. 

Тоқаев Шығанақтағы елдердің азаматтық нысандарына әуеден шабуылдауға байланысты алаңдаушылық танытты.  Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударып, қазақ азаматтарын қақтығыс аймағынан эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін ел көшбасшысына да алғыс айтты.

Сондай-ақ Оман сұлтаны жыл соңына дейін Қазақстанға келетінін растады.

«Бұл сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан айрықша маңызға ие болмақ. Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алды», – деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, әуе шабуылына ұшыраған БАӘ мен Қатарда тұратын қазақ азаматтары Оман арқылы елге қайтатын болды.

Сондай-ақ оқыңыз