Lifestyle

Түркістанға барған бір топ айтыскер Бекарыс Шойбековке ат мінгізді

Бекарыс Шойбеков 50-ге келді/фото: ХҚТУ

Бір топ айтыскер Түркістан қаласына барып, Бекарыс Шойбековке ат мінгізді. Олардың арасында Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Сырым Әуесхан, Жандарбек Бұлғақов бар.

«Түркістан қаласына келдік. 13-14 жасымыздан бірге келе жатқан досымыз бізден бір жыл ерте туған, 50-ге келіп жатыр. 22 наурызда Түркістанда үлкен той болады. Алдын ала арнайы келдік», – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскерлер Бекарыс Шойбековке шапан жауып, құндыз бөрік кигізді. Сондай-ақ әріптестері Шойбековке арғымақ ат мінгізді.

Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан ақын Жүрсін Ерманды үйіне іздеп барып, 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.