Ираннан қанша қазақстандық қайта алмай отыр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев қазіргі уақытта Иранда қанша Қазақстан азаматы барын айтты.

Вице-министрдің мәлімдеуінше ешбір қазақстандық зардап шекпеген, барлығы дін-аман.

«Жалпы ең алдымен өз азаматтарымызды, дипломаттарымызды және олардың отбасы мүшелерін Қазақстанға қайтару мәселесі тұр. Бізде бар ақпарат бойынша Иранда 70-ке жуық адам бар. Олардың ішінде төрт студент бар, дипломаттарымыз бар», – деп түсіндірді вице-министр.

Иранда қалып отырған қазақстандықтардың көбі вахталық әдіспен жұмыс істеп жүргендер.

Әлібек Бақаевтың айтуынша, олардың елге қайтуы орналасқан жеріне байланысты ұйымдастырылады. Егер азаматтар Горган маңында болса, олар Түрікменстан арқылы шығарылады. Ал Иранның өзге өңірлерінде жүрген азаматтар Армения немесе Әзербайжан арқылы эвакуацияланады.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы он шақты елдің әуе кеңестігі әлі ашылған жоқ. Қазақстан ұрыс болған аймақтағы қазақ азаматтарын балама маршруттар арқылы әкелмекші. 

Ал Дубайдағы азаматтар алғашқы рейспен бүгін келуі керек. Шамамен үш жүзден аса қазақстандық Дубай – Алматы және Дубай – Астана рейстерімен келеді.

Сондай-ақ оқыңыз