Отандық Stadler вагондары сәуір айынан бастап қатынай бастайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Астанада өндірілген Stadler жолаушылар вагондары биыл сәуірде ұлттық компания «Қазақстан темір жолы» балансына беріледі. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.

«Қазір Stadler вагондарын қабылдау процесі жүріп жатыр. «Қазақстан темір жолы» мәліметіне сәйкес, бірінші легін сәуір айында күтеміз. Біз оларды ең танымал бағыттарға қоймақпыз, яғни адамдар ұзақ жүретін бағыттарға. Stadler вагондары өте ыңғайлы, оларды ең көп жолаушы жүретін туристік маршруттарға қоямыз», – деді министр.

Сауранбаев атап өткендей, енді Астанада өндірілген Stadler вагондары мен Солтүстік Қазақстан облысындағы ЗИКСТО компаниясының вагондары жүретін болады.

Бастапқыда 51 Stadler вагоны 2025 жылғы желтоқсанда КТЖ қарамағына өтуге тиіс еді. ҚТЖ 2025 жылғы қыркүйекте жаңа Stadler вагондары Астана – Алматы, Астана – Семей, Астана – Шымкент және Астана – Атырау бағыттарында жүреді деп хабарлаған. ҚТЖ 2025 жылғы қыркүйекте жаңа вагондардың Астана – Алматы, Астана – Семей, Астана – Шымкент және Астана – Атырау бағыттарында жүретінін хабарлаған. Министрдің айтуынша, алғашқы партияның әлі жүрмей жатқан себебі – Қазақстан мен Германия стандарттарының айырмашылығында. Сондай-ақ, КТЖ тарапынан вагондарға қатысты кейбір техникалық мәселелер туындаған.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Биылғы сәуірде 142 вагон жеткізіледі деп күтілуде, оның ішінде 2025 жылғы 51 вагон және 2026 жылғы 91 вагон бар.

«Негізі ол мәселелер олардың реттеуіне қатысты болып отыр. Қазір осы мәселені шешіп жатыр», – деді министр.

Десе де министр жеткізуші мен тапсырыс беруші арасындағы кейбір келіспеушіліктерді ашып айтпады. Өйткені бұл Stadler акцияларының құнына қатысты мәселе. Ол вагондарға төленген соманы да мәлім етті.

«Қанша төленгені жөнінде айтып өтейін. Мен сол кезде ескі жұмысымда істедім (2021–2025 жылдары Сауранбаев ҚТЖ басқарма төрағасы болған), шамамен 160 млрд теңге алдын ала төленген. Келісімшарттың жалпы сомасы – 500 млрд теңгеден асады, шамамен 540 млрд теңге. Сондықтан қазіргі баға мен қанша төленгені, ҚТЖ-ның ішкі корпоративтік мәліметі», – деді министр.

Айта кетейік 58 жолаушыға арналған Stadler вагондары Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін, ұзақ бағыттардың жүктемесін және халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған. Кіреберіс бөлігінде жүк қоюға арналған сөрелер бар, ал жолсерікке бөлек демалыс аймағы, шағын асүй және басқару бөлімі қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз