Жаңалықтар

Қарағанды-Жезқазған арасындағы жол қашан жөнделеді

Фото: shutterstock

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қарағанды мен Жезқазған арасындағы жалғайтын автожол құрылысы қашан басталатынын жариялады.

Оның айтуынша, «Қарағанды – Жезқазған» және «Орталық – Батыс» бағыттарына ерекше назар аударылып отыр.

«Аталған жобалар бойынша жұмыстар жасалынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында бастаймыз», – деді Сауранбаев.

Сондай-ақ министр «Қызылорда – Ақтөбе» автожол учаскесінің құрылысы жөніндегі жоспарды бөлісті. Бұл участок Батыс-Европа – Батыс-Қытай және Ресей мен Орталық Азия бағыттарының қосылатын арнасы болып есептеледі. 

«Қызылорда – Ақтөбе» жобасы 3 учаскеге бөлінген. Ақтөбе-Ұлғайсын және Сексеуіл-Қызылорда құрылысы осы жылы басталады. Ал Ұлғайсын-Сексеуілді келесі жылы бастаймыз. Жоспар бойынша үш учаскінің жұмыстарын бір уақытта бітіруіміз қажет»,– деп мәлімдеді министр.

Айта кетейік, сәуірден бастап Қазақстандағы бірнеше жол ақылы болуы мүмкін. Олар Балқаш – Бұрылбайтал, Бұрылбайтал – Құрты және Талдықорған – Өскемен жолдарына қатысты болмақ.