Алматыдағы орталықта баланың қолын қайырған қызметкер қамауға алынды – видео

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
полиция
Ер адам қамауға алынды/Фото: Shutterstock

Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Бұған дейін Алмалы ауданы полициясы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға Алматыдағы «Феникс» орталығында болған. Ол жерде ер адам баланың қолын қайырған.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындап, баланың ата-анасынан кешірім сұраған.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынады», – делінген ақпаратта.

Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз