
NASA-ның ER-2 ұшағы Ай сәулесін тіркеп отырмақ. Бұл ғарыштық датчиктердің дәлдігін арттыру үшін қажет.
Оның бортында айдың жарықтығын өлшеуге арналған NASA құралы бар. 5 ақпанда биік ұшатын ER-2 ұшағы үш апталық миссиясын аяқтады. Бұл құрылғы жер серіктерінің датчиктер өлшемдерін дәлірек етуге көмектеседі.
NASA Айды табиғи мөлшерлеу көзі ретінде пайдаланады. Бұл датчиктер ауа райын бақылау, ауыл шаруашылығын зерттеу және Жер экожүйелерін талдау үшін аса маңызды деректер ұсынады. Алынған мәліметтер күнделікті өмірге қолданылады. Тиімді шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Айдың спектралдық сәулеленуін әуеден өлшейтін құрал – air-LUSI (airborne Lunar Spectral Irradiance) деп аталады. Ол АҚШ-тың батыс жағалауы үстінде NASA-ның ER-2 биікке ұшатын ұшағына орнатылды.
Ұшақ NASA Armstrong Flight Research Center базасында (Калифорния штаты, Эдвардс қаласы) орналасқан. Осылайша, ұшақ әуедегі ай обсерваториясына айналды. Құрылғы шамамен 70 000 фут биіктікке, яғни Жер атмосферасының 95 пайызынан жоғары деңгейге көтеріле алады. Аталған air-LUSI тобы Ай сәулесін өлшеу миссияларын 2022 жылдан бері жүргізіп келеді.
Ай беті жарықты үнемі шағылыстырады және Жердегі құбылмалы орта әсеріне ұшырамайды. Сондықтан Ай сәулесі мөлшерлеу үшін сенімді эталон саналады. Күнмен салыстырғанда, Айдың жарықтығы Жердің жарықтығына ұқсас.
Мұның алдында NASA көзге көрінбейтін нәрселерді түсіре алатын камера шығарған еді.