Lifestyle

Freedom Bank Ламин Ямальға өзі бейнеленген картаны табыстады

фото: instagram

Freedom Bank әлемдік футболдың жарық жұлдызы, «Барселона» клубы мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямальмен ерекше кездесу өткізді. Барселона қаласында өткен шара аясында банк өкілдері футболшыға оның өз бейнеленген естелік Visa картасын салтанатты түрде табыстады.

Картаның бетінде Ламин Ямальдың алаңдағы сәті бейнеленген. Бұл Visa төлем жүйесінің қолдауымен жасалған эксклюзивті жоба.

«Freedom Bank Барселонада Ламин Ямальға оның суреті бейнеленген естелік картаны Visa қолдауымен табыстады», – деп хабарлады банктің ресми парақшасы.

Айта кетейік, Ламин Ямаль қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат әрі ең болашағы зор жас футболшылардың бірі.

Бұған дейін банк қазақстандық қақпашы Темірлан Анаберковтің суреті бейнеленген картаны таныстырған еді.