
Huawei әлемдегі ең жоғары өнімді сериялық лидарды сатылымға шығарды. Нысандарға дейінгі қашықтықты және олардың пішінін анықтауға арналған технология 896 сканерлеу сызығына ие.
Сarnewschina ақпаратына қарағанда, екі арналы оптикаға ие. Бұл – лазер сәулелерін пайдаланып, қашықтықты дәл өлшейтін және жер бедері мен түрлі нысандардың 3D моделін жасайтын қашықтан зерттеу технологиясы.
Артықшылығы неде
Оны HarmonyOS Smart Driving Technology Innovation шарасында таныстырды. Huawei жоғары сапалы кескін алуға арналған екі арналы LiDAR жүйесін ұсынды. Компания мәліметінше, бұл – ажыратымдылықты 4 есеге дейін арттырады. Екі арналы оптикалық архитектураны қолданған алғашқы 896-сызықты лидар. Сонымен қатар, жаппай өндіріске қойылған.
Бұған дейін сериялық лидарларда ең көбі 520 сызық болған. Ал кең тараған үлгілер 16, 32 немесе 128 сызықпен шектеледі.
Жоғары дәлдік
Жаңа жүйе 120 метр қашықтықтан биіктігі небәрі 14 см болатын ұсақ нысандарды – құлаған жол конустарын, жарылған дөңгелектерді және жарықты аз шағылыстыратын заттарды дәл анықтай алады.
Олар «сурет ішіндегі сурет» эффектісін жасап, шағын және күрделі пішінді кедергілерді анық көруге мүмкіндік береді. Мысалы, 55 метр қашықтықтағы құйрығын бұлғап тұрған итті де анық көруге болады.
Қандай көліктерге орнатылады
Жаңа 896-сызықты лидар алғаш рет Aito M9 және Maextro S800 модельдеріне орнатылады. Сонымен қатар Avatr 12 және Voyah FE жаңа нұсқалары да осы жүйемен жабдықталатыны хабарланды.
Aito M9 моделінің бағасы шамамен 69 500 доллар, ал Maextro – 105 500 доллар.
Айта кететін жайт, BYD бағасы түскен Song Ultra EV электромобилін шығарды