Жаңалықтар

МАГАТЭ: Иранның ядролық қару жасап жатқанына дәлел жоқ

МАГАТЭ мәлімдеме жасады / Фото: shutterstock

Агенттік басшысы Рафаэль Гросси Иранның ядролық қару жасап жатқанын растайтын нақты айғақ жоқ екенін мәлімдеді.

Дегенмен ұйым басшысы мынадай маңызды мәселелерге баса назар аударып, өз алаңдаушылығын білдірді:

  • Уран қоры: Тегеранның иелігінде қару-жарақ деңгейіне дейін байытылған уранның өте үлкен көлемі жинақталған.
  • Тексеріске шектеу қою: Иран билігінің халықаралық инспекторларға нысандарды толықтай тексеруге рұқсат бермеуі күмән тудыруда.

Рафаэль Гросси бұл түйткілді мәселелер шешімін таппайынша, Иранның ядролық бағдарламасының тек бейбіт мақсатты көздейтініне кепілдік бере алмайтынын жеткізді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы былтыр қыркүйекте Иранға қарсы қару-жарақ эмбаргосы мен өзге де санкцияларды қайта қалпына келтірді.

Бұл шешім Ұлыбритания, Франция және Германия Тегеранды 2015 жылғы ядролық келісімді бұзды деп айыптаған соң қабылданған.