Lifestyle

Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен бұрынғы әйеліне сталкинг жасағаны үшін іс қозғалды

Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен бұрынғы әйеліне сталкинг жасағаны үшін іс қозғалды / Фото: Kyn.kz

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызына қарсы сталкинг жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Фариза Алмасқызы Instagram парақшасында жазды.

«Бүгінгі таңда, Жақсыген Н. үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды 2 баппен. ҚР ҚК 115 – 1 бап және ҚР ҚК 274 бап 2 бөлігі, 3 тармағы бойынша із қозғалды. Біз адвокатым екеуміз бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады!» – деп жазды Фариза Алмасқызы.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 115 – 1 бабы яғни «Сталкинг» (аңду немесе ізіне түсу) үшін 50 тәулікке қамалуы жазасы, 274 бап 2 бөлігі, 3 тармағы, яғни «Көрінеу жалған ақпарат тарату» қылмысы үшін 1 жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін.

Жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыген әйелі – Фариза Алмазқызымен ажырасқаннан кейін экс-жұбайын балағаттап, түрлі өсек-аяң таратқан. Бұл туралы Фариза сұхбаттарында да, желідегі парақшасында да жазды. Оған қоса, Нұрсұлтанның өзі арагідік әйелін сөзбен түйреп, stories-ке салып отырады. Шоумен әйеліне ауыр сөздер айтып, өзінен туған балаларына көмектеспейтінен бөлек, бұрынғы қайынжұртына да жиі тіл тигізеді. Фаризаның айтуынша, Жақсыген оған талай рет жала жауып, қатты шектен шыққан.