
Елде жеке тыңшылар пайда болуы мүмкін. Бүгін, 4 наурызда, Мәжіліс депутаттары жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін қалыптастыратын заң жобасын қабылдады.
Парламентте «Жеке детективтік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы» деген заң жобасы қаралды.
«Заң жобаларында жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдары, сондай-ақ оны жүзеге асырудың принциптері, міндеттері мен тәртібі қарастырылған. Сонымен қатар, құжаттар детективтік агенттіктер мен жеке детективтердің құқықтық мәртебесін айқындайды, олардың қызметін лицензиялау тәртібі мен мемлекеттік реттеуді белгілейді», – дейді депутат Снежана Имашева.
Ресми емес ашық деректерге сүйенсек, елде 20-дан аса детектив орталықтары бар.
Олар полиция емес, бірақ тапсырыс бойынша түрлі ақпарат жинайды.