Жаңалықтар

Қазақстандықтар Ираннан Түрікменстан мен Армения арқылы шығып жатыр

Иранда қазір Қазақстанның 47 азаматы бар/фото әлеуметтік желіден алынды

Иранда қазір Қазақстанның 47 азаматы бар. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты.

Сөзінше, Израильде – 163, Қатарда 3 мыңнан астам, БАӘ-де 4 мыңнан астам, Сауд Арабиясында 1 800-дей қазақстандық бар. Қазірге дейін қазақстандықтардың зардап шеккені не қайтыс болғаны туралы ақпарат түспеген. Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға көмектесу үшін арнайы штаб құрылды.

«Оманнан бүгін-ертең елімізге 500-ден астам қазақстандық оралады. Джидда – Атырау, Джидда – Ақтау эвакуациялық рейсі жоспарланған. Олармен 326 азамат елге қайтарылады деп жоспарланған. Әуе рейстерінен бөлек қазақстандықтарды жер үсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Тегеран, Ашхабад, Горган (Ирандағы қала) 15 азаматтың Иран-Түрікменстан шекарасы арқылы өтуі қамтамасыз етілді. Оларға Ақтауға жету үшін қажет көмек көрсетіледі», – деді Ерлан Жетібаев.

Тегеран мен Еревандағы дипломаттар, «Заркух» компаниясының қалған 35 қызметкері Ираннан шығарылды. Олар автобуспен Иран-Армения шекарасын кесіп өткен.

2026 жылдың 28 ақпанында Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. Сол күні Иран Израильдегі және араб елдеріндегі АҚШ әскери базаларына және басқа да нысандарға қарсы шабуыл жасады.

1 наурызда Иранды 37 жыл басқарған Аятолла Әли Хаменеи АҚШ-Израиль шабуылынан қайтыс болды