Семейдегі ірі өрттен зардап шеккендер саны 11 адамға жетті

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: ТЖМ

Семей қаласындағы ойын-сауық орталығындағы өрттен кейін зардап шеккендер саны 11 адамға жетті.

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бірнеше адам ауруханаға жатқызылған. Бір бала «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің балалар бөлімінде ем қабылдауда. Тағы үш бала тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.

Ересектердің арасында жеті адам дәрігер көмегіне жүгінген. Төртеуі университеттік бүйрек орталығына жатқызылған. Екі адам тексерістен соң оқиға орнында қалған. Ал бір азамат медициналық тексерістен бас тартқан.

Бұған дейін Семейдегі BalaPark ойын-сауық орталығындағы өрттен кейін қаладағы ауа сапасы күрт нашарлап кетуі мүмкін екені хабарланды. Санитарлық дәрігерлер тұрғындарға мүмкіндігінше көшеге аз шығып, терезелерді жауып отыруды ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз