Талғарда ер адамды әйелі мен енесі пышақтап өлтірді – адвокат

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Полиция
Полиция қылмыстық іс қозғады/ Фото: Аскар Ахметуллин

Талғарда ер адамды әйелі мен енесі пышақтап өлтірді деген ақпарат тарады. Алматы облысы полициясының хабарлауынша, оқиға отбасы-тұрмыстық жанжал кезінде болған.

Содан кейін адамдар тобы жасаған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады жергілікті полиция.

Адвокат Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, екі әйел ұйықтап жатқан ер адамға 30 шақты рет пышақ сұққан.

«Әйелі күйеуіне айтпай, жылқысын сатып жіберген. Содан кейін ер адам әйелдің үстінен полицияға шағымданған. Әйел соған ренжіп, анасымен бірге келіп, ұйықтап жатқан күйеуін пышақтаған. Пышақты 30 шақты рет сұққан», – дейді адвокат.

Бұған дейін Талғар ауданы Рысқұлов ауылының тұрғыны әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиға 2026 жылдың 14 қаңтарында болған. 

Сондай-ақ оқыңыз