Lifestyle

Төреғали Төрәлі Түркістанға көшіп келді

«Түркістан тек киелі орталық қана емес, ол – жаңғырудың, жаңарудың, жасампаздықтың кеңістігі» деп жазды әнші / фото: Instagram
«Түркістан тек киелі орталық қана емес, ол – жаңғырудың, жаңарудың, жасампаздықтың кеңістігі» деп жазды әнші / фото: Instagram

Әнші Төреғали Төрәлі Түркістанға көшіп келді. Оның айтуынша, бұл – жай ғана мекен ауыстыру емес, жүрекпен қабылданған шешім.

«Түркістан – тарихтың үнін сақтаған, уақыттың тынысын сездірген, рухтың тамыры тереңге кеткен қасиетті шаһар. Бұл қалада үнсіздік те мағыналы.
Бұл жерде әрбір көше, әрбір тас – шежіре. Өткен мен болашақ бір-біріне қарсы тұрмайды. Керісінше, бірін-бірі толықтырып, жалғастырып тұрады», – деп түсіндірді себебін әнші.

Ол бұл қаланы саналы түрде таңдаған. Өйткені, түркі әлемінің рухани астанасы атанған қаланың болашағына сенеді.

«Түркістан тек киелі орталық қана емес, ол – жаңғырудың, жаңарудың, жасампаздықтың кеңістігі. Отбасымызбен осында қоныстандық. Балаларымыз тамырын сезініп өссін деп. Жасаған ісіміздің мағынасы терең болсын деп. Тек жобалар емес, із қалдыратын істер атқару үшін», – деп жазды Төрағали Төрәлі.

Мұның алдында Саят Медеуов Қайрат Нұртас пен Төреғали Төрәлінің кейбір әрекеттерін ақтап алған еді.