
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты.
Актриса қызына қазақтың дәстүрлі тәрбиесін қабылдамай, заманауи тәрбие беретінін алға тартып отыр.
«Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол – менің жалғасым. Мен қызымды өзге үйге келін боласың деп өсірмеймін. Өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес қолдау бар», – деп жазды актриса.
Бұл жазба әйелдер тарапынан қолдау тауып жатыр. «Керемет айтылды. Менің ойым 100%» деп жазды оқырмандардың бірі.
Десе де, қыз баланы бұлай тәрбиелеуді бәрінің бірдей көңілінен шығып жатқан жоқ.
«Оразада бұл несі? Айналайын-ау, батысқа еліктей бермей, қазақы тәрбиеміз жетеді ғой неше түрлендірсеңде», – деп наразылық білдіргендер де табылды.
Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімованың бөлмесіндегі камера қонақтарды таңғалдырғаны айтылды.