Жаңалықтар

Air Astana төрт репатриациялық рейспен 640 адамды Қазақстанға жеткізді

Фото: kursiv.media архиві

Air Astana Сауд Арабиясынан 640 адамды Қазақстанға жеткізді. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметінше, 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейс орындалды. Олар Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау.

«Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды.Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды», делінген хабарламада.

Бүгін, 4 наурызда Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған. Олар Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы бағыттары.

«Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келеді, Алматыға 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға 20:45 ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда», деп хабарлады Air Astana.

Айта кетейік, Қазақстанның Дубайдағы консулдығы қызметкерлері бір топ азаматты Оман арқылы елге алып келе жатыр. Сейсенбі, 2 наурыз күні таңертең дипломаттар мен ел азаматтары, барлығы 278 жолаушы Масқат қаласына автокөлікпен жолға шықты.