
Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Жәрмеңкеде Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, пісірілген нан-тоқаштар, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа өнімдерді арзан бағада сатып ала алады», – деп хабарлады әкімдік.
Жәрмеңкеде гүл өнімдері де сатылымға шығады. Келушілер балғын, әрі мерекелік гүл шоқтарын қолжетімді бағамен ала алады.
Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке орындарының жанында №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары жүреді.
Бұған дейін, 8 наурыз мерекесінде қандай сыйлық беруге болатыны жайлы жазған едік.