Солтүстік циклон келеді: апта соңында Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланды
(жаңартылды )

Аптаның соңына қарай еліміздің бірқатар аймақтарында күн райы жылынады, алайда жауын-шашынды болады деп күтілуде.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің солтүстік өңірлерінде боран болуы мүмкін, ал оңтүстікте күн сайын ауа температурасы жылынып отырады.
Десе де, синоптиктер Қазақстанның барлық аймағында дерлік тұрақсыз ауа райы болатынын ескертті. Барлық өңірде жаңбыр мен қар жауады деп болжануда.
Сонымен бірге тұман, көктайғақ және жел күшеюі мүмкін.