
Аптаның соңына қарай еліміздің бірқатар аймақтарында күн райы жылынады, алайда жауын-шашынды болады деп күтілуде.
Қазгидромет мәліметінше, елдің солтүстік өңірлерінде боран болуы мүмкін, ал оңтүстікте күн сайын ауа температурасы жылынып отырады.
Десе де синоптиктер Қазақстанның дерлік барлық аймағында тұрақсыз ауа-райы болатынын ескертті. Барлық өңірде жаңбыр мен қар жауады деп болжануда.
Сонымен бірге тұман, көктайғақ және жел күшеюі мүмкін.