Жаңалықтар

Аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі кейінге қалды

Аятолла Әли Хаменеи
фото: Apaimages / SIPA / Scanpix / LETA

Иранның бұрынғы көсемі Аятолла Әли Хаменеиді жерлеу кейінге қалды. Арнайы рәсім қашан өтетіні жақын арада хабарланады деп жазады жергілікті Tasnim басылымы.

Рәсім 4 наурыз күні кешке басталып, үш күнге созылуы керек еді. Алайда қоштасу рәсіміне қатысуға ниет білдірушілердің тым көптігіне және толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан тоқтатылды.

Тегеран провинциясының Исламдық насихат жөніндегі үйлестіру кеңесінің басшысы Сейед Мохсен Махмуди рәсімнің нақты өтетін уақыты жақын арада жарияланатынын хабарлады.

«Осы рәсімге қатысқысы келетін адамдар тым көп болғандықтан, олардың барлығы үшін қажетті жағдай жасау керек екенін де ескере отырып, шараны қолайлырақ уақытта өткізу туралы шешім қабылданды», – деді ол.

Аятолла Әли Хаменеи 28 ақпаннан бірінші наурызға қараған түні АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылынан қаза тапты. Енді оның ұлы Моджтаба Иранның жаңа жоғарғы көсемі болып сайланды.