
Дубай, Жидда, Медина және Дохаға баратын тұрақты рейстер оныншы наурызға дейін тоқтайды. Ал билет сату 17 наурызға дейін рұқсат жоқ. Бұл туралы Air Astana компаниясынан хабарлады.
Ол бағытқа билет алғандар болса 11 наурызға дейін қайта өткізуге болады немесе 30 сәуірге дейін басқа күнге брондау мүмкіндігі бар.
«Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауды жалғастыруда», – дейді Air Astana-дан.
АҚШ, Израиль-Иран арасындағы әскери қақтығыстан кейін Араб елдері үш күнге әуе кеңістігін жапқан еді. Үшінші наурыздан бастап кейбір рейстерге рұқсат бере бастады, Қазақстан сол уақыттан бастап бірнеше рейс жасап, қазақ азаматтарын алып келе бастады. Осы уақытқа дейін 4000 адам жеткізілді.