
Алматы және Жамбыл облыстарының әкімі қызметін атқарған Серік Үмбетов танымал әнші Мақпал Жүнісоваға соғым сыйлады.
Қазақстанның халық әртісі оны «ағам» деп атап, ұмытпай, кәде-сый жасап тұрғанына алғыс білдірді.
«Серік ағамыздан келген соғым еді. Қазысын қарамайсыздар ма? Серік Үмбетов – ағамыз керемет, өте жақсы көретін, сыйлайтын ағам. Зәкең де қатты сыйлаушы еді. Қанша жыл болса да, мені ұмытпайды. Жеңгеміз екеуі осылай көмек көрсетіп тұрады. Алла разы болсын. Мәке, ас болсын! Концерттің алдында бір қазы жейін деп отырмын», – деп күлді Мақпал Жүнісова.
Мұның алдында әнші қар күреп жүріп, телефонын таксиге қалдырып кеткенін есіне түсірген еді. Алайда, жүргізуші көлігін бұрып, смартфонын қайтарып берген.