
Иран Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы халықаралық әуежайға дронмен соққы жасады.
Report агенттігінің мәліметінше, Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз аппарат Нахчыван халықаралық әуежайы ғимаратына тиіп, жарылған.
Әзербайжан Иранмен көршілес ел ретінде әрдайым тату көршілік саясат ұстанып келген. Алайда бұл шабуыл Тегеран билігінің шынайы ұстанымын көрсетті деп таниды.
Әзербайжан өз аумағын Иранға қарсы әскери операцияларға пайдалануға рұқсат бермеген. Соған қарамастан бұл ел Иран тарапынан шабуылға ұшырады.
Мұның алдында АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет қақтығыс географиясы Түркиядан Шри-Ланкаға дейін кеңейгенін мәлімдеген еді.