Иранға қарсы соғыс Түркиядан Шри-Ланкаға дейінгі аймақты қамтиды – Пит Хегсет

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ирандағы соғыс
Фото:shutterstock

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Вашингтон Иранға қарсы әскери әрекеттерді «жеделдетіп» жатқанын мәлімдеді.

Cbsnews ақпаратынша, ол аймаққа қосымша күштер жіберіліп жатқанын айтып отыр. Қақтығыс географиясы Түркиядан Шри-Ланкаға дейін кеңейген. Ал Израиль Тегеран мен Ливан аумағына соққыларды күшейткен. Хегсет АҚШ әскери торпедасы Үнді мұхитында ирандық әскери кемені суға батырғанын айтты.

Иран билігі марқұм рухани көшбасшы Аятолла Али Хаменеиді жерлеуге арналған үш күндік рәсім кейінге шегерілгенін хабарлады. Соғыс шиеленісіп жатқандықтан осындай шешім қабылданған. АҚШ-та орналасқан құқық қорғау ұйымының дерегінше, қақтығыс басталғалы бері елде мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Олардың ішінде 180-нен астамы – балалар.

Соғыс басталғалы бері алты америкалық әскери қызметкер қаза тапты.

Айта кететін жайт, қазақстандықтар Ираннан Түрікменстан мен Армения арқылы шығып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз