Өңірлерде АИ-95 бағасы қанша (инфографика)

Жарияланды
фото: Kursiv Media

Қазақстанның жанармай нарығында «еркін жүзу» мен мемлекеттік бақылаудың қызықты симбиозы байқалады. Энергетика министрлігінің соңғы шешімдері мен еліміздің картасына көз жүгіртсек, бензин бағасының біркелкі еместігін байқау қиын емес. Kursiv Media ҚР ҰСБ-ның мәліметіне сүйене отырып, қаңтар айында тіркелген жанармай бағасының өңірлер бойыша орташа құнын анықтады. Неліктен Алматыдағы баға мен Атыраудағы баға екі бөлек?

Мораторий және баға тұрақтылығы

Энергетика министрлігі маңызды стратегиялық қадам жасады: АИ-92 бензині мен дизель отынына уақытша мораторий енгізілді. Бұл шешімнің басты принципі – шекті бағаны 2025 жылғы 16 қазандағы деңгейде бекітіп тастау. Яғни, автожанармай құю стансалары (АЖҚС) бағаны сол күннен жоғары көтере алмайды. Ал, АИ-95 маркалы бензин бағасы реттелмейді.

Неге баға әртүрлі?

Министрлік таңдаған «икемді тәсіл» нарықтағы шынайы бәсекелестікті сақтауға бағытталған. Баға айырмашылығының негізгі себептері:

  1. Логистика: Мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) жақын аймақтарда (мысалы, Атырау, Шымкент, Павлодар) баға арзанырақ.
  2. Операторлардың шығындары: Әр жанармай бекеті желісінің тасымалдау және сақтау шығындары әртүрлі.
  3. Нарықтық бәсеке: Икемді баға операторларға өз клиенттері үшін күресуге мүмкіндік береді.

АИ-95: 2026 жылдың қаңтарындағы көрініс

Инфографикаға сүйенсек, 2026 жылдың басында АИ-95 маркалы бензинінің ең жоғары бағасы Алматы қаласында (317 теңге) және Талдықорған мен Қонаев (314 теңге) аймақтарында тіркелген. Ал ең қолжетімді баға батыс өңірлерде: Атырау мен Ақтөбеде – 280 теңге.

2026 жылдың көктемінде АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасына қатысты мораторий ұзартылуы мүмкін. Мұндай болжамды мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байдильдинов айтты.

Сондай-ақ оқыңыз