Қазақстанның үш өңіріндегі тасжолдарда қозғалыс таңға дейін шектелді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ауа райы
Екі өңірде ауа райына байланысты қозғалыс шектелді / Фото: Shutterstock

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысқа шектеу қойылғанын хабарлады.

Жолдарды 6 наурыз күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр. Шектеулер жүк көліктері мен қоғамдық автокөліктерге қатысты енгізілді.

Шектеу енгізілген учаскелер:

Ақмола облысы:

  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл: 532-552 шақырым (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін);
  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған: 232-260 шақырым (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);
  • Жақсы – Есіл – Бұзылық: 71-82 шақырым (Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін).

Қостанай облысы:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған: 8-232 шақырым (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Ақтөбе облысы:

  • РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы: 776-965 шақырым (Ақтөбеден Қарабұтақ ауылына дейін);
  • Ақтөбе – РФ шекарасы («Әлімбет» өткізу пункті): 39-136 шақырым (Шәмші Қалдаяқов ауылынан өткізу пунктіне дейін).

Ақтөбе облысындағы бұл екі учаскені шамамен сағат 10:00-де ашу көзделген.

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 5-7 наурыз аралығында еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауатынын ескерткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз