Lifestyle

Қорқып жатырмыз – Жазира Байырбек Оманға келіп, Ыстанбұлға билет алды

Оманда билет сұрағандардан «Қайда?» десе, «Қайда болса да» деп жауап береді / фото: Instagram
Оманда билет сұрағандардан «Қайда?» десе, «Қайда болса да» деп жауап береді / фото: Instagram

Жазира Байырбек Оманға келіп, Маскат қаласынан сәлем жолдады. Ыстанбұлға билет алғанын айтты.

Сонымен қатар, эвакуациялайтын ұшақтарға не үшін отырмағандарын да түсіндірді.

«Біз Маскат қаласының әуежайындамыз. Әуежайға келіп, билет сұрап тұрғандардың барлығы «билет бар ма?» дейді. «Қайда?» десе, «Қайда болса да» деп жауап береді. Біз де қайда болса да, тыныш елге ұшайық деп Түркияға Ыстанбұлға билет алдық. Әрі қарай тағы да көре жатармыз», – деді Жазира Байырбек.

Ол елден келген ұшақтарға отыруға заңдық жағынан тосқауыл бар екенін де алға тартты.

«Елден келетін, эвакуациялауға келген ұшақтарға сіздерді неге мінгізбейді деген сұраққа келсек, бала бес жасқа дейінгі болуы керек екен. Біздің баламыз алтыға толған. Сол үшін заңдар бойынша бізді әзірге алып кетпейтін сияқты. Күтіп отыруға қорқып жатырмыз», – деді әнші.

Жазира Байырбек мұның алдында Дубайдан өз есебінен елге қайтатынын айтқан еді.