
Wildberries онлайн-платформасының зерттеу деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың 83%-ы 8 наурыз мерекесін тойлауды жоспарлап отыр. Ал 76%-ы 40 мың теңгеге дейін сыйлық алуды көздеп отыр.
Сонымен бірге сауалнамаға қатысқандардың 82%-ы 8 наурызды жай демалыс күні емес, маңызды мереке деп санайды.
Қазақстандықтар үшін 8 наурыздың мәні
Көптеген азаматтар үшін бұл мерекені жақындарына көңіл бөлу мен қамқорлық таныту күні деп санайды.
Мерекенің басты символикасы:
- Гүлдер мен сыйлықтар – 57%
- Қамқорлық пен нәзіктік – 53%
- Көктемнің символы – 42%
Сыйлық көбіне кімге беріледі
Ең негізінен сыйлық алушылар – аналар қауымы. Ер адамдардың 74%-ы, ең алдымен, аналарын құттықтайтынын жеткізген.
Қазақстандықтардың 72%-ы жұбайларына сыйлық беретінін айтса, 39%-ы әпке-сіңілілерін, 50%-ы қыздарын және 44%-ы достарын қуантқанды жөн санайды.
Мерекеге нені жиі сатып алады
Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы сыйлыққа 15–40 мың теңге аралығындағы бюджетті жоспарлап отыр.
Ең танымал категориялар:
- Гүлдер – 52%
- Косметика – 44%
- Үйге арналған заттар – 43%
- Парфюмерия – 31%
- Тәттілер – 29%
- Ашықхаттар – 26%
- Хоббиге арналған тауарлар – 19%
- Әшекейлер мен аксессуарлар – 17%
Қандай сыйлықтар трендке айналуда
Дәстүрлі сыйлықтардан бөлек, биыл практикалық және технологиялық заттарға қызығушылық артты. Мәселен, камерасы мен аудармашысы бар смарт-көзілдірік, аэрогрильдер және шығармашылыққа арналған жиынтықтарға сұраныс артқан.
Аймақ тұрғындарының талғамы
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сатып алушылардың талғамы айтарлықтай ерекшеленеді.
Мысалы:
- Абай облысы – парфюмерияға қызығушылық айтарлықтай өскен
- Астана, Ақмола және Қостанай облыстары – тұрмыстық техниканы жиі сатып алады
- Павлодар облысы – фотоэпиляторларға сұраныс 125% өскен
- Елдің солтүстігі мен шығысында мерекеге шетел тіліндегі кітаптар жиі таңдалады. Ал балаларға – балаларға арналған косметика жинақтары мен ойыншық ыдыс жиынтықтары танымал.
Еске салсақ, осыған дейін, 8 наурыз мерекесінде қандай сыйлық беруге болатыны жайлы жазған едік.