Lifestyle

«10 жыл күттік»: Мархаба Сәби сәбилі болды

Фото: instagram

Танымал әнші және композитор Мархаба Сәби араға тура он жыл салып, екінші мәрте сәбилі болды.

Әнші өзінің Instagram парақшасында әсерлі видео жариялап, сәбиін қаншалықты асыға күткенін жеткізді. Ол жазбасында: «10 жыл күткен ботақанымыз, қош келдің!» – деп жазып, оқырмандарын тебірентті.

Халықтың ақ тілегі

Жаңалықты естіген желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері жарыса құттықтау жаудыруда:

«Бауы берік болсын»,«10 жылдық сабырдың жемісі», «Ана бақыты баянды болсын!»- деп жазуда оқырмандар.

Мархаба Сәбидің бұл қуанышы оның шығармашылығына жаңа шабыт беріп, «Мама болма алаң» атты әнді де шығарып үлгерді.