7 трлн теңгенің дауы: Сүлейменов әлі банктерге тексеріс жүріп жатқанын айтады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, 7 трлн теңгені «шетелге заңсыз жөнелткен» банкке қатысты тексеріс әлі жүріп жатыр. Бұл туралы ол базалық мөлшерлемеге байланысты брифинг барысында айтты.
«Қазір бұл банкке қатысты тексеріс жүріп жатыр. Тексерісті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк пен ҚМА бірлесіп жүргізіп жатыр. Қосымша ақпарат тексеріс нәтижесінде белгілі болады» – деді ол.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орыбасары Берік Шолпанқұлов «банктің заң бұзғаны анықталмады» деп мәлімдеген еді. Осы мәлімдемесінен кейін ол бірден қызметінен кетті.
«Тексеріс бітпей жатып, қандай да бір мәлімдеме жасауға тым ерте. Тексеріс біткен жоқ, нақты айтамыз», – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторинг агенттігіндегі жиында қазақстандық банктердің бірі арқылы көрші бір елден екіншісіне 7 трлн теңгены заңсыз жөнелткенін айтқан еді. Осыдан кейін кейбір банктердің трансшекаралық операцияларына тексеріс басталды.