8 наурызға қандай гүл сыйлауға болмайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Тозаңы жеңіл әрі үгітіліп кететін гүлдерден сақтану керек» дейді аллерголог-иммунолог / фото: goodfon
«Тозаңы жеңіл әрі үгітіліп кететін гүлдерден сақтану керек» дейді аллерголог-иммунолог / фото: goodfon

Аллергологтардың айтуынша, мимоза, күнбағыс және хризантема гүлдері тозаң бөлуіне байланысты сыйлауға болмайды.

Себебі олар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. РИА Новости ақпаратына қарағанда, бұл туралы аллерголог-иммунолог Олег Кривцун айтып берген.

Маманның сөзінше, маусымдық аллергиядан зардап шегетін адамдардың көпшілігі үшін бақша гүлдері аса қауіпті емес. Аллергиктер үшін басты қауіп – тозаңы ауада еркін таралатын жел арқылы тозаңданатын өсімдіктер.

«Ең алдымен, біз аллерген ретінде желмен тозаңданатын өсімдіктерді қарастырамыз. Бұл қайың тұқымдасына жататын барлық ағаштар – қайың, талшын, емен және басқалар. Ал жәндіктер арқылы тозаңданатын өсімдіктерге, яғни гүлдерге келсек, көп жағдайда олар қауіпті реакция тудырмайды. Олардың тозаңы ауыр болады. Ауада тозаң бұлтын түзбейді және үй ішінде таралмайды», – деп түсіндірді Кривцун.

Алайда қауіпті толық болдырмау үшін дәрігер ұсақ аталықтары немесе оңай түсіп қалмайтын сабағы бар өсімдіктерді таңдауға кеңес береді. Бұл тозаңның ауаға кездейсоқ таралуының алдын алады.

«Көбіне раушан, гортензия, қызғалдақ қауіпсіз болып саналады. Ал күнбағыс, хризантема және мимозаны сыйлағанда абай болу керек. Олардың тозаңы жеңіл әрі үгітіліп кетуі мүмкін», – дейді аллерголог-иммунолог.

Айта кететін жайт, мерекеде гүл сыйлаудан Алматы мен Шымкент жігіттері алда келеді.

Сондай-ақ оқыңыз