
Әзербайжан Ирандағы дипломатиялық қызметкерлерін елден шығарып жатыр. Бұған ирандық дрондардың шабуылы түрткі болып отыр.
Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ираннан дипломатиялық персоналды толықтай шығару туралы шешім қабылдаған.
«Бұл процесс Тегерандағы елшілікке де, Тебриздегі Бас консулдыққа да қатысты. Қазіргі уақытта осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Әзербайжан СІМ-і бұл оқиғадан соң елдегі Иран елшісін шақырды. Оған наразылық нотасын тапсырды. Иран болса, шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді,
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас әрі стратегиялық одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.