
«Алтай» футбол клубы «Қайратқа» қарсы өтетін матчтың билеттері толық сатылып кеткенін хабарлады.
Клубтың ресми мәліметінше, жанкүйерлердің қызығушылығы жоғары болып, ойынға арналған барлық билет алдын ала сатылып кеткен.
«SOLD OUT. Алтай – Қайрат ойынына билеттердің барлығы толықтай сатылды. Сіздерді ертең сағат 16:00-де «Хан Тәңірі» стадионында күтеміз!» – деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өскемендік «Алтай» командасы өз алаңындағы ойындарын Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында өткізеді.
7 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер-лигасы басталады. Бұған дейін, Kursiv Media еліміздегі футбол клубтарын сатып алған кәсіпкерлер туралы жазған еді.