АҚШ пен Израиль «Иран жеріне кіріп, бәрін толық тазартуды» көздеп отыр – Трамп

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп Иранға қатысты ойын айтты / фото: REUTERS/Kevin Lamarque
Трамп Иранға қатысты ойын айтты / фото: REUTERS/Kevin Lamarque

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Израиль Иран жеріне «кіріп, бәрін толық тазартуды» көздеп отырғанын айтты.

Бұл туралы Сbsnews хабарлады. Трамптың сөзінше, соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – Ирандағы билікті толық ауыстыру.

Трамп елді басқара алатын, «жақсы көшбасшы» бола алатын адамы бар екенін айтқан. Жаңа басшының кім болатынын анықтауға өзі көмектесуі керек деп есептейді ол.

Израиль түн ішінде Иран астанасы Тегеран мен Ливанға қайтадан жаппай әуе соққыларын жасады. Ел билігі мұны АҚШ-пен бірге бір апта бұрын басталған соғыстың «жаңа кезеңі» деп атады.

Ал Иран Парсы шығанағында және одан тыс жерлерде жауап ретінде зымырандар мен дрондармен соққы беруді жалғастырып жатыр. Бұл шабуылдар аймақ экономикасына үлкен зиян келтіріп, ондаған мың адамның босып кетуіне себеп болды.

Соғыстың салдары одан әрі күшейіп жатыр. НАТО зымыранға қарсы қорғанысын күшейтуде.

Ал Иранның бейберекет шабуылдары әлем үшін аса маңызды Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қозғалысын және Таяу Шығыстағы әуе қатынасын іс жүзінде тоқтатып отыр.

Сондай-ақ Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастары арзан, жарылғыш затпен жабдықталған ирандық дрондарды қанша уақытқа дейін тойтара аламыз деп алаңдап отыр.

Айта кететін жайт, Әзербайжан дрон шабуылынан кейін Ираннан дипломатиялық қызметкерлерін шығарып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз