Ауа райының қолайсыздығына байланысты таңға дейін бірнеше жол жабылды
Жарияланды

Көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулері мына жол учаскелерінде енгізілді:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ», 5-234 шақырым (Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін) және 234-549 шақырым (Ақтөбе облысының шекарасынан Қостанайға дейін);
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы», 965-1153 шақырым (Қарабұтақ кентінен Ырғыз кентіне дейін) және 776-965 шақырым (Ақтөбеден Қарабұтақ кентіне дейін);
- «Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет өткізу пункті)», 39-136 шақырым (Қалдаяқов ауылынан Әлімбетке дейін).
Қозғалыстың болжамды ашылу уақыты – 7 наурыз, сағат 09.00.