Бүгін Италияда Қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Милан паралимпиада
фото: olympics.com

Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және Валь-ди-Фьемме қалалары алдағы он күнде паралимпиадалық спорттың басты орталығына айналады.

2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 6–15 наурыз аралығында өтеді. Ашылу салтанаты Веронаның тарихи аренасында ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашылу рәсімі паралимпиадалық құндылықтарды дәріптейтін әрі көрерменге ерекше әсер сыйлайтын мерекелік шоу болмақ. Ашылу салтанатын бүгін сағат 23:50-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Паралимпиадалық алау 24 ақпанда Ұлыбританиядағы Сток-Мандевилл ауылында жағылды. Бұл жер паралимпиадалық қозғалыстың отаны саналады. Алау 6 наурыз күні, дәл ашылу салтанатына орай, Верона қаласына жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Қысқы ойындарға 50 елден келген шамамен 650 параспортшы қатысып, 79 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жабылу салтанаты 15 наурызда Кортина-д’Ампеццо қаласындағы хоккей стадионында өтеді.

Айта кетейік, дүбірлі додада Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды.

Сондай-ақ оқыңыз