
Қазақстандағы жалпы 10 миллионнан аса әйел бар. Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас.
Елдегі 10 488 074 әйелдің 55,5%-ы 16-60 жас аралығындағылар, ал 29,1%-ы 15 жасқа толмаған. 61 жастан асқандардың үлесі – 15,4%.
Аймақтар бойынша алсақ, Алматы қаласында 1,2 млн Түркістан облысы – 1 млн, Астана қаласында 803,5 мың, Алматы облысында 778,5 мың әйел тұрады.
Әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл.
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі – 48% (4,4 млн әйел).
Елдегі жалдамалы жұмысшылардың тең жартысы да әйелдер. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі 45%-ды көрсетіп отыр.
Жұмыспен қамтылған әйелдерге келсек, олардың 20%-ы білім, 19%-ы сауда, 10 пайызы денсаулық сақтау саласында еңбек етеді.
Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%.
Айта кетейік, Қазақстанда педагогтердің 81,9% – әйел. Мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру және басқа да ұйымдарда 492 938 әйел еңбек етіп жүр.